Kyzylorda-news.kz. 6 наурызда Қызылорда облысында азаматша Тұрлыбекованы ұстау дерегі бойынша Жаңақорған ауданы Полиция бөлімі төмендегіні хабарлады. 

28 ақпан және 6 наурыз күндері Қызылорда облысының Полиция департаментіне екі облыс тұрғыны бұл азаматшаны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арызбен жүгінді. Тұрлыбекова бопсалау арқылы және ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәліметтерді таратамын деп қорқытып, жәбірленушілерден ірі көлемде ақша талап еткені анықталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тұрлыбекова ауыр қылмысқа күдіктелді,бұдан бөлек тағы бірнеше бопсалау фактілер анықталды және процеске қатысушылардың жауаптарын бұрмалауға ықпал етіп, тергеудің жан-жақты жүргізілуіне кедергі келтіру мүмкін, осыған сәйкес тергеу сотымен оған қатысты күзетпен ұстау санкцияланды. Ұстау заң шеңберінде жүргізілді, арнайы құралдар мен жауынгерлік әдістер қолданылған жоқ.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Фото: Ғаламтордан алынды

Тағы да оқыңыз: