Kyzylorda-news.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарымен кездесу өтті.
Кездесуге өңірлік Антикордың бас маманы Ж.Қозбағарова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің комплаенс офицері А.Жаппасбаев және Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Е.Елшібеков қатысты.
Кездесу барысында Ж.Қозбағаровамен «Қазақстанның 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы», сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы және оған енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, заң шеңберінде қызметтік міндеттерін адал атқаруға шақырылды.
Сонымен қатар, А.Жаппасбаев «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу-басымдыққа ие саясат» тақырыбында баяндама жасасады.
Шара соңында қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.