Kyzylorda-news.kz Ағымдағы жылдың 17 мен 19 қараша күндері аралығында Республика көлемінде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Нәтижесінде, бұрын жасалған мал ұрлықтарының 7 дерегі (Қармақшы-2, Шиелі-2, Арал-1, Қазалы-1 және Жаңақорған АПб-1) ашылып жедел шара берілді.
ІІО-да тіркелмеген заңсыз қарулар (ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабы бойынша) Сырдария, Қазалы, Жаңақорған АПб-мен бір деректен анықтап, тегіс ұңғылы қарулар тәркіленсе, (ҚР ӘҚБтК-нің 484 бабы бойынша) қару айналымы қағидаларын бұзудың 1-дерегі Ақсай Пб-мен анықталған.
Сонымен қатар, белгіленбеген орындарда қараусыз жүрген ауыл шаруашылық жануарларының иелеріне қатысты (ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша) 72 әкімшілік хаттама рәсімделген.
Яғни (Қармақшы-16, Жалағаш-14, Сырдария-14, Ақсай-9, Тасбөгет-6, Қазалы-6, Шиелі-5, Арал-2) хаттама.
Ауыл шаруашылық жануарларын құжатсыз тасымалдаудың
(ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша) 11 дерегі (Арал-3, Жалағаш-2, Байқоңыр-2, Қалалық басқарма, Тасбөгет, Сырдария, Шиелі АПб-мен бір деректен) анықталған.
