Kyzylorda-news.kz. Өз әйелін өлтірді деп айыпталған Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысында судья Айжан Көлбаева айыпталушының адвокаттары ұсынған ресейлік сарапшылардың қорытындысын іске қоспады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
16 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаевтың адвокаты Құсайынова Мәскеу қаласындағы «Н.И.Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінің» ресейлік сот-медициналық сарапшыларының қорытындысын баяндаған еді.
Алайда жәбірленуші тарап пен мемлекеттік айыптаушы бұл сараптаманың жалған құжат екенін және түрлі заңбұзушылықтармен рәсімделгенін мәлімдеді. Дәлірек айтқанда, ол маманның өзі Ақтөбеде, ал Рамазанова Астанада болған.
Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова сарапшылар мәйітті көрмей қашықтан сараптама жасай алмайтынын, тек Тахир Халимназаров сияқты қосымша толықтыру енгізе алатынын мәлімдеді.
“Сараптама сарапшылардың құзіретінен тыс жасалған. Сарапшы гистология және нейрохирургия маманы болмаса да, сол салаға қатысты қорытынды шығарған. Бұл сараптама қорытындысын заңсыз деп танимыз”, – деді судья Айжан Көлбаева.
Судья прокурор мен жәбірленуші тараптың өтінішін қанағаттандырып, ресейлік маманның қорытындысын іске қоспау туралы шешім шығарды.
Сурет: Stan.kz