Kyzylorda-news.kz.  Прокурор сот отырысы барысында маңызды деректерді айтты. Оның сөзінше, қазір айыпталып отырған бұрынғы шенеунік тіпті жұбайын жалаңаш күйде видеоға түсірген. 

"Ол Нүкенова жалаңаш көрінетін видео түсіріп, бұл оған кепіл болатынын айтты. Өз кезегінде Нүкенова үрейленіп, Бишімбаевтың іс-әрекетінен қорқып, өз еркіне қарсы осы талапты орындап, өзін мәжбүрлі түрде киімсіз видеоға түсіруге рұқсат етті", - деді прокурор.

Прокурордың айтуынша, кісі өлтірілген күні Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова концертте барған. Сол жерде жұп арасында жанжал басталады. Концерт біткен соң, олар бірге мейрамханаға барады - жанжал сонда жалғасады. Бойжеткен Бишімбаевты тастап кеткісі келетінін айтқан, бұл туралы ағасына жазған хабарламасында белгілі болады. 
 
Бишімбаев мас күйінде Нүкенованың басынан қатты ұрған. Осыдан кейін ол оны тепкілей бастады. Бойжеткен бөлмелердің біріне құлыптап алған, бірақ Бишімбаев есікті сындырып кіріп, тағы да ұрған. 
 
Мемлекеттік айыптаушы атап өткендей, Нүкенова бірнеше рет есін жиғанымен, экс-министр оны ұра берген.


 Фото: inbusiness.kz

Тағы да оқыңыз: