Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан облыс көлемінде  оқушы, студенттер арасында «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында GIF – аннимация әзірлеу сайысын ұйымдастырды.

Сайыстың негізгі мақсаты – жастар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлық мәселелері мен қатысушылардың ақпаратты қолжетімді ұсыну арқылы олардың жеке пікірлерін баяндау мүмкіндігін түсіндіру және өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдалануға тарту.

Байқауда қатысушылар өз ойларын шығармашылықпен жеткізе білді, заманауи техниканың мүмкіндіктерін пайдаланып, өз анимацияларында  нашақорлық проблемаларын көрсете алды.

Облыстық финалдық байқауға 12-20 жас аралығындағы 14 оқушы студент өтті, комиссияның шешіміне сәйкес келесі сайыскерлер жеңімпаз атанды: 1 орын – Сайлауов Батыржан, Айтбайқызы Сәния (Қармақшы ауданы N185 орта мектеп оқушылары); 2 орын – Тәліпова Ұлдана (Сырдария ауданы N35 мектеп-лицей оқушысы), Қосанов Еркебұлан, Өтегенов Аманай, Болатбек Ұлықпан (Арал ауданы №№14,220 орта мектеп, №2 ОММЛИ оқушылары); 3 орын – Базарбаева Жұлдызай, Күзембаева Бибінұр (Қармақшы ауданы №185 орта мектеп оқушылары), Жәдігер Сандуғаш (Қазалы ауданы N182 орта мектеп оқушысы), Жұманазар Қасымжомарт (Шиелі ауданы N46 мектеп-лицей оқушысы).

Фото: Полиция департаменті

Тағы да оқыңыз: