Kyzylorda-news.kz Халықтың сенімін барынша иеленіп, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау әрбір тәртіп сақшысына жүктелген басты міндет. Ал осы жауапкершілігі зор қызмет тәрбие мен тәртіптен басталатыны белгілі.
Халықтың мұң-мұқтажы үшін кез келген қылмысқа, құқық бұзушылыққа қарама-қарсы тұра алатын нағыз қызметкерлерді дайындап, шыңдау осы бір жауапты салаға жүктелген.
Осы ретте Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Оралбек Омаров төрағалығымен қалалық, аудандық полиция бөлімі бастықтарының кадр саясаты жөніндегі орынбасарлары, тәрбие және кадр жұмысы басқармасы, арнайы және жұмылдыру даярлық басқармасы, сондай-ақ ЖПҚБ ППР, ЖҚАЖ тәрбие және кадр жұмысы тобы инспекторларының қатысуымен «Ішкі істер органдарында кадр саясатын іске асыру» тақырыбында жедел кеңес өтті.
Оралбек Тәубақабылұлының баяндама жасап, бірнеше өзекті мәселелерге тоқталып өтті.
– Кадр саясатында еңбек ету әр қызметкерден кәсібилік пен жауапкершілікті, мұқияттылықты талап етеді. Қызметкерлерді іріктеу, дайындау, жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру, қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың рухани дүниесін жан-жақты жетілдіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар өте ауқымды. Әрбір қызметкердің міндеттерін тиісті деңгейде орындауының, біліктілігін үнемі арттырып отыруының, адал қызмет атқаруының, күйзеліске төзімді бола білуінің түп тамырында біздің жасап жатқан тынымсыз еңбегіміз тұр. Яғни біздің мақсат – қызметкерлердің жоғары тұлғалық қасиеттерін дамытып, патриоттық сезімдерін қалыптастырып, қызметте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермей, Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтайтын қызметкерлерді даярлау. Бүгінгі күні біз шынайы нәтижеге бағытталған жұмыстар атқарудамыз. Мемлекет басшысы атап өткендей, полиция қашанда халыққа үлгі – өнеге болуы керек, – деді Оралбек Тәубақабылұлы.
Кеңес соңында О.Омаров ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруды; жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда пәрменді шаралар қабылдауды; қызметтен тыс уақытта заңсыздықтарға жол бермеуді, қызметтік немесе жеке автокөліктерін басқару кезінде жол-қозғалыс ережелерін сақтауды; кәсіби-қызметтік даярлық аясында жеке құрамның құқықтық біліктілігін арттырып, кәсіби дайындық, дене шынықтыру сабақтарын жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрлігімен берілген тапсырмаларды жеке құрамның назарына жеткізіп, жедел кеңесті қорытындылады.