2025 жылдың 26 қыркүйегінде Абай атындағы №2 дарынды балалар мектебінде Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас мерген – 2025» атты әскери-патриоттық сайыс өтті.
Бұл додаға қаламыздың білім ордаларынан 105 оқушы қатысып, өздерінің әскери машықтары мен шапшаңдығын, мергендігі мен төзімділігін сынға салды. Сайыстың басты мақсаты – жас буынның бойына патриоттық рухты сіңіріп, ел қорғауға даярлықты арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Сайыс салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып, құттықтау сөзбен Қалалық білім бөлімінің әдіскері Еркебұлан Ахметұлы мен №2 Абай атындағы дарынды балалар мектебінің директоры Айгүл Алтынбекқызы ашып ,қатысушыларға сәттілік тіледі.
ЖАРЫСТЫҢ БАҒЫТТАРЫ
Жас сарбаздар келесі әскери-қолданбалы жаттығулар бойынша бақ сынасты:
• АК-74 қаруын жартылай бөлшектеп-жинақтау;
• Қарудың оқжатарын патрондармен жарақтау;
• Пневматикалық винтовкадан нысанаға дәл ату;
• ОЗК қорғаныш киімін кию (плащ түрінде);
• Белтемірге тартылу;
• Әскерилендірілген кросс.
Әрбір кезеңде оқушылардың ептілігі мен төзімділігі сыналып, жарыс нағыз тартысқа толы өтті.
ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР
АК-74 қаруын бөлшектеп-жинақтау:
І орын – Ниетулла Р., №2 Абай атындағы дарынды балалар мектебі
ІІ орын – Исатаев А., №211 мектеп
ІІІ орын – Бисен А., №136 мектеп-лицей
Оқжатарды патрондармен жарақтау:
І орын – Тасболат Н., №6 мектеп
ІІ орын – Ансеров А., №5 мектеп
ІІІ орын – №2 Абай атындағы дарынды балалар мектебі
Пневматикалық винтовкадан ату:
І орын – Ниетулла Р., №2 Абай атындағы дарынды балалар мектебі
ІІ орын – Өмірбек Рауан, №212 мектеп
ІІІ орын – Срыбник Н., №8 мектеп
Белтемірге тартылу:
І орын – Әли А., №4 мектеп
ІІ орын – Исатаев Н., №211 мектеп
ІІІ орын – Малькажар, №136 мектеп
ОЗК қорғаныш киімін кию:
І орын – Бисен А., №136 мектеп
ІІ орын – Абузор Р., №7 мектеп
ІІІ орын – Ұзақов Д., №217 мектеп
Әскерилендірілген кросс:
І орын – Әли А., №4 мектеп
ІІ орын – Қуатұлы З., №264 мектеп
ІІІ орын – Нашурадин И., №8 мектеп
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қалалық білім бөлімінің грамоталарына, медальдарына және бағалы сыйлықтарына ие болды.
ОБЛЫСТЫҚ САЙЫСҚА ЖОЛДАМА
Жарыс қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен 5 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды:
• Ниетулла Р., №2 дарынды балалар мектебі
• Тасболат Қ., №6 мектеп
• Айсеров А., №5 мектеп
• Әли А., №4 мектеп
• Өтепбергенов Д., №222 мектеп
Бұл шәкірттерге жетекшілік ететін – Тұрар Рысқұлов атындағы №222 мектептің АӘТД пәнінің жетекшісі Байниязов Сұлтан. Олар 8–9 қазан күндері Шиелі ауданында өтетін облыстық «Жас мерген – 2025» байқауында қаламыздың намысын қорғамақ.
ЖАС ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ
Әскери-патриоттық сайыс жасөспірімдер үшін тек жарыс қана емес, нағыз ерлік мектебі болды. Жастардың бойында шыдамдылықты, тәртіпті, табандылықты қалыптастырып қана қоймай, елге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.
Жас мергендеріміздің алдағы облыстық сыннан да сүрінбей өтіп, жеңіс тұғырынан көрінуіне сенім мол! 🇰🇿
№215 орта мектебінің АӘТД оқытушы -ұйымдастырушысы Алибек Аймухамедов