Kyzylorda-news.kz Бос уақытты тиімді пайдалану, сондай – ақ отбасылық құндылықтарды, отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау және отбасы институтына қоғамның назарын аудару, халықтың белсенді және салауатты өмір салтын жүргізуге ынтасын дамытуға негізделген профилактикалық жұмысты жетілдіру мақсатында Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Берік отбасы – есірткіден алыс!» ұранымен отбасылық байқау ұйымдастырды.
Қатысушылар нашақорлыққа қарсы үндеу жасап, өз отбасыларының атынан дұрыс жол таңдау керектігін ашты. Содан кейін отбасылық флешмоб көрсетіліп, бірге есірткіге қарсы ән шырқады.
Олар бейне ұсынымдар әзірлеп, мессенджерлер арқылы облыс өңірлеріндегі сайыстық комиссияларға жіберді, содан кейін байқаудың үздік жұмыстары сайыстың екінші кезегіне қатысты.
Финалдық байқауға 12 отбасы қатысты. Байқауға қатысушылар өз ойларын шығармашылықпен жеткізе білді, түрлі ақпаратты пайдаланды, нашақорлық мәселесі бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісті. Танымал әндердің әуеніне, сөз жазып, есірткіге қарсы әндер орындады.
Байқау комиссиясының шешіміне сәйкес қатысушылар жинаған ұпайларына сәйкес аймақтық және облыстық жеңімпаздар және номинация жеңімпазы болып бөлінді.
Үздік деп танылған отбасылар: Арал ауданынан Әмірхановтар отбасы – 1 орын, «Атамекен» балалар ауылынан «Ақжайық» және «Байқоңыр» отбасылары 2 және 3 орындарға ие болды.
Номинациялар бойынша «Атамекен» балалар ауылының отбасылары: «Көңілді отбасы» – «Байқоңыр» отбасы, «Үлгілі отбасы» – «Сарыарқа» отбасы, «Белсенді отбасы» – «Мадияр» отбасылары жеңімпаз атанды.
Қатысушы отбасылар жеке үлгісімен бос уақытты отбасы шеңберінде қалай тиімді өткізуге болатынын көрсетті.
Байқаудың барлық қатысушылары сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.
Фото: Есірткі басқармасы