Kyzylorda-news.kz   Қызылорда облысы әкімінің 2020 жылғы “Мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді-мекендерде өрт сөндіру бекетін құру туралы” жоспарына сәйкес, Сырдария ауданына қарасты Ақжарма, Шіркейлі ауылдық округінде өрт сөндіру бекетін құру жоспарланды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақжарма ауылдық округінде өрт сөндіру бекеті ашылып, бүгіндее өз жұмысын жүйелі атқарып жатыр.

Табиғи және техногенді апаттар кезінде, күнделікті сын сәттер мен сағаттарда құтқарушы мамандарға үлкен жауапкершілік жүктелетіні белгілі. Сол себепті, өрт сөндірушілердің еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау мемлекет үшін үлкен маңызға ие болып табылады. Аталған бағытта облыс әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, кешенді жұмыс жүргізіліп келеді. Соның бір дәлелі соңғы 3 жылда бюджет есебінен 11 автокөлік сатып алынған болатын. Енді, міне тағы қажетті техника қатары толығып отыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта да жаңадан өрт сөндіру депосы салынады деп күтілуде.

2024 жылғы 20 маусымда Қызылорда облысы ТЖД “ӨСжАҚЖҚ” РММ-нің есебінен шығарылған өрт сөндіру автокөлігі Шіркейлі ауылдық округіне табысталды. Алдағы уақытта өрт сөндіру бекеті ашылып, өз жұмысын бастайтын болады деп жоспарлануда.

Тағы да оқыңыз: