Kyzylorda-news.kz Прокуратура органдары тоқтап қалған және жүктемесі аз кәсіпорынның қызметін қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін жұмыстарды жүргізуде.

Жүргізілген сүйемелдеудің нәтижесімен «Aral Sea Food» ЖШС-нің (бұдан әрі-серіктестік) өндіріс жүктемесі артты.

Атап айтқанда, балық өнімдерінің көлемін ұлғайту және экспортқа шығару үшін серіктестікте рұқсат құжаттары (арнайы тіркеу нөмірі және еуро нөмірі) болмағаны белгілі болды.

Сонымен қатар, серіктестік өндірістік кәсіпорындардың қатарына кірмеуіне байланысты оның экономикалық қызмет түрі тіркелмеген.

Салдарынан балық өнімдерін экспортқа шығаруына мүмкіндігі болмаған.

Прокуратураның үйлестіруімен серіктестікке рұқсат құжаттары берілді.

Осының нәтижесінде серіктестік келісімшарттар жасап (ТМД елдеріне экспорттау), бір ай ішінде 120 тоннадан астам өнім шығарды.

Прокуратура бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аудара отырып, басқа да жүктемесі төмен және тоқтап қалған кәсіпорындардың мәселелерін анықтау мен шешу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Сондай-ақ бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлуде.

Фото: freepik.com

Тағы да оқыңыз: