Kyzylorda-news.kz Заңсыз көші-қонның алдын алу және болдырмау, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 17–20 наурыз аралығында облыс аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның екі күнінде барлығы 172 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде шетел азаматтары тарапынан жасалған 53 әкімшілік құқықбұзушылық тіркеліп, олардың 29-ы Қазақстан Республикасы аумағынан аластатылды.
Сонымен қатар, шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген Қазақстан Республикасының 63 азаматына қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.
Құрметті облыс тұрғындары! Шет мемлекеттерден жұмыс істеуге келген азаматтарға заңда белгіленген мерзімде құжаттарын рәсімдеп, көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауды ұсынамыз.
Заң талаптары сақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қолданылатынын ескертеміз.
