Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының аумақтық қорғаныс құрылымдарының аса маңызды нысандарын күзету мен қорғаудағы әзірлігін тексеру, далалық машықтарын дамыту мақсатында ағымдағы жылдың 22 маусым мен 1 шілде аралығында Қызылорда облысының Арал ауданында «Найза-2025» әскери міндеттілермен арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Бүгін сол оқу-жаттығулардың қорытындысы ретінде еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында мемлекеттік органдар арасындағы үйлесімділікті арттырып, террористік және гибридті қауіптерге қарсы дайындықты едәуір жетілдірген арнайы ұрыс қимылдары сәтті түйінделді.

Ұрыс даласындағы әскери әзірлікті көрген аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев арнайы ұйымдастырылған террорлық операцияның да куәсі болды.

«Найза-2025» оқу-жаттығуы өткізілді 1.jpg

Асқан қырағылықпен өздеріне жүктелген жауапкершілікті лайықты атқара білген әскери міндетті сарбаздар ұрыс операциясында өздері күзеткен мемлекеттік құрылымның әрбір маңызды бөлігін сәтті қорғап, лаңкестердің тосын соққысына тойтарыс бере білді.

Әскери оқу жаттығудың қорытынды шарасында сөз алған аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы әскерилерді оқу-жаттығуды жоғары деңгейде аяқтауымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Найза-2025» оқу-жаттығуы өткізілді 3.jpg

– Құрметті сарбаздар! Біз өмір сүріп жатқан бұл әлемде түрлі қайшылықтар, табиғи апаттар мен дүмпулер, саяси көзқарастар қайшылығынан туындаған соғыстар және сан алуан әділетсіздіктер орын алып тұратыны белгілі. Қазақ халқы ежелден ержүрек ұлдарымен, намысты батырларымен аты шыққан жауынгер халық. Бұл дәстүр үнемі жалғасуы тиіс. Бүгінгі тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болуына, тыныштығы мен бейбіт өмірінің сақталуына үлес қосып жүрген – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің сайыпқыран сарбаздары әркез қырағылық танытып, ел тыныштығын кірпік қақпай күзетеді. Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы. Қанша заман өтсе де, бұл ұғым өз маңызын жоғалтпайды. Бүгінгі жауынгер – кешегі ата-бабаның ұлы рухын жалғаушы. Ұлы дала ерлері аманат еткен мұраны сақтау – үлкен абырой мен жауапкершілік. Сол сенімге Сіздерді ешқашан селкеу түсірмейді деп білемін! Жасай беріңіздер тәуелсіз Қазақстанымыздың жауынгер сарбаздары, – деді аудан әкімі.

Оқу-жаттығуға Арал ауданынан 91 әскери қатысты. Өздеріне жүктелген әскери міндеттемелерді лайықты атқара білген бір топ сабаздар аудан әкімнің Алғыс хатымен марапатталды.

«Найза-2025» оқу-жаттығуы өткізілді 4.jpg«Найза-2025» оқу-жаттығуы өткізілді 2.jpg

Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін арттыру, әскери бөлімдердің жауынгерлік дайындығын жетілдіру және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын нығайтуда әскери қызметшілер тактикалық әдістерді пысықтап, күрделі жағдайларда шешім қабылдау дағдыларын шыңдай білді.

Фото: Арал аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: