Kyzylorda-news.kz 2025 жылғы 19-23 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды анықтау және олардың заңсыз болуына жол бермеу, сондай-ақ заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар тұлғаларды анықтау.

Елімізде уақытша жүрген шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтап, елде болу ережелерін бұзбауға міндетті. Осыған байланысты Қызылорда қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері шетелдіктер мен қазақстандық азаматтарды көші-қон заңнамасын бұзбауға және белгіленген талаптарды сақтауға шақырады.

Қызылорда қаласы әуежайындағы ЖПб бастығы

полиция капитаны К.Ибраев

Тағы да оқыңыз: