Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен 2025 жылғы мерзімді әскери қызметке шақыру науқанының барысы қаралды.
Жиында аудан көлемінде мерзімді әскерге шақыру жұмыстарының ұйымдастырылу деңгейі баяндалып, алдағы міндеттер айқындалды. Әскерге шақырылушылардың медициналық тексеруден өтуі мен іріктеу тәртібі, сондай-ақ, олардың моральдық-психологиялық дайындығы басты назарға алынды.
Аудан әкімі Жалағаш кенті мен ауылдық округ әкімдеріне аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліммен бірлесе отырып, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар, шақырылған азаматтардың заңды құқықтарының қорғалуын, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін де басты назарда ұстау қажеттігі айтылды.
Аудан бойынша 2025 жылғы мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын тиімді жүзеге асыру үшін барлық деңгейдегі органдармен үйлесімді жұмыс атқарылатын болады.
Фото: Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі