Мен өмірді қалаймын - жарық күнді,
Таза аспан, мөлдір ой, анық жырды.
Жас жүрек соға берсін шаттықпенен,
Есірткіге жол жоқ мүлде құмарлықпен.
Мен өмірді қалаймын - күлкі мен нұр,
Арманым - асқар таудай биік, ғұмыр.
Бір сәттік қызық алдамшы,жалған екен,
Сол жалғанға ермеймін, сенімім нық!
Мен өмірді қалаймын - еркін таңды,
Жарқыраған күн менен көктем сәнді.
Есірткіге ерсең егер үміт сөніп,
Өміріңнің үзілер өктем әні.
Мен өмірді қалаймын - шын өмірді,
Адалдық, достық, жүрек төрін білді.
Тәнім сау, жаным таза, ойым анық,
Сол қасиет мен үшін үлкен бақыт!
Мен өмірді қалаймын - мәңгі бақты,
Сезінемін бұл ғұмыр неткен тәтті!
Есірткіге жол жоқ деп ұран салам,
Өмірімді сүйемін - бұл тазалықты!
