Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында мемлекеттік қызмет саласындағы жаңалықтарға арналған семинар өтті. Шараға мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдарға тағайындалған мамандар қатысты.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар кеңінен талқыланды. Арнайы қонақ дәрісті Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басқарма басшысы Жасұлан Шынтасов жүргізді.

Ол өз сөзінде факторлық-балдық шкала бойынша Қағиданың қолданылу тәртібі, біліктілік талаптарын бекіту кезінде жиі кездесетін қателіктер, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді бағалау әдістемелері жөнінде тың ақпараттармен бөлісті.

Сонымен қатар, 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік қызметке іріктеуге қатысты енгізілген жаңа ережелерге тоқталып, "Е-қызмет" жүйесі арқылы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қатысу және конкурсты өткізу тәртібін түсіндіріп берді.

Семинар соңында қатысушыларға арнайы әдістемелік құралдар таратылып, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Шара мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырып, құқықтық сауаттылығын жетілдіруге бағытталды.

Фото: freepik.com

Тағы да оқыңыз: