Kyzylorda-news.kz.Бүгін Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібі мен іскерлік киім үлгісін сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша семинар сабағы өтті. 

Семинарға департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев, бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттар әкімшісінің басшылары мен мамандары қатысты.

Семинарды Е.Бөрібаев ашып, күн тәртібінде көтеріліп отырған  мәселелердің өзектілігіне тоқталды. 

Кадр бөлімінің бас маманы К.Ерманова мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібі мен іскерлік киім үлгісін сақтау туралы баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілер қызмет барысында мемлекеттік қызметшінің имиджіне сәйкес келетін іскерлік киім қағидасын қатаң ұстанып, тараптармен және әріптестермен қарым-қатынас барысында әдеп нормаларын сақтау керегін атап өтті. 

Сонымен қатар, кадр бөлімінің бас маманы М.Шамау Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар және тәртіптік жауаптылық  мәселелеріне тоқталды. 

Ішкі қауіпсіздік бөлімінің сот приставы Б.Римов сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жасап, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет атына кір келтіретін жемқорлық көріністерінен аулақ болуға шақырды. 

Ақпараттық қауіпсіздік бойынша бас маман Б.Қошанов жұмыс барысында ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, қызметтік және жеке мәліметтердің таралып кетуінің алдын алу бойынша баяндама жасады. 
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
 

Тағы да оқыңыз: