Kyzylorda-news.kz   Елге адал қызмет ету – өз еліңнің патриоты болу. Мемлекетке адал қызмет етудің ең үлкен дәлелі – адамның өз елін сүйетін патриоты болуынан көрініс табады. Жалпы елге адал қызмет пен патриот болу – ажырамас егіз ұғым.

Елге қызмет дегеніміз не? Елге қызмет – оқу, білім алу, аянбай адал еңбек ету және Отанды жан пида етіп қорғау.

Ал, патриот дегеніміз кім? Патриот дегеніміз – өз ұлтын, тілін, діні мен ділін сүйетін, туған тарихы мен ата-бабамыздан жеткен салт-дәстүрін дәріптейтін, өзімен бірге өмір сүріп жатқан адамдарға махаббаты шексіз, өз ұлтының, елінің дамуына барынша үлес қосатын адам. Дегенмен, заманың түлкі болса, тазы болға салып, өзінің тілінде сөйлеуге арланып, атақ пен дәреже, байлық үшін Отанын сатып, өзге елдерде сұлтан болып жүргендер, немесе өзінің лауазымын асыра қолданып, халықты қанап, мемлекетті тонап жүргендер де аз емес. Соларға қарап қынжылып, жүрегіміз ауырған кезде, Қазақ еліне деген махаббатымыз арта түсуі керек.

Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімге негізделген мемлекеттік басқарудың «адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру үрдісі мемлекеттік міндеттерді қоғам күтетін талап-тілектерге сәйкес, жүзеге асыруға қажет негізгі құндылықтар мен қағидаттарды қайта қарауды өзектендірді.

Роза Бағланова атындағы Қазалы аудандық мәдениет орталығында "Адалдық. Абырой. Алғыс" атты мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты мерекелік мәдени шара өткізілді. Шараның шымылдығы Ж.Тұрсынов атындағы халықтық театрының дайындаған сахналық қойылыммен ашылды.

Қазалы ауданы әкімі Мейрамбек Зинабдинұлы мерекеге орай құттықтау сөз сөйлеп, елді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды және ауқымды реформаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосып жүрген біршама мемлекеттік қызметшілерді марапаттады. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің АНТ қабылдау рәсімі өтті. Сонымен қатар, шара барысында Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары патриоттық әндер орындап, көрермен қауымға рухани демалыс сыйлады.

Бүгінгі тарих – өткен тарихтың жалғасы. Сондықтан, өткен тарихымызды білу – елін, жерін сүйетін, тіпті сүймейтін де әр азаматтың парызы, борышы, міндеті. Тарихқа көз жүгірте отырып, өз еліне, жеріне адал қызмет еткен ағаларымыздан үлгі алуымыз қажет. Кешегі елін сатып, махаббатты бірінші орынға қойып, Қалмақ қызымен қашпақшы болған Нояндай туған інісін өз қолымен өлтірген батыр Баянның іс-әрекеті – еліне адал қызмет ете алмай жүрген кейбір тұлғалар үшін өте үлкен үлгі-өнеге деп ойлаймын. Тарихта аттары алтын әріппен жазылған ағаларымыздың ерлігі мен халық алдындағы атқарған адал қызметтерінің арқасында қазіргі Қазақ мемлекеті құрылып отыр. «Бөлінгенді бөрі жейді» дегендей, өзіміз «үй ішінен үй тігіп» біріміз алға, біріміз артқа тартсақ күйреп қаларымыз анық.

Тағы да оқыңыз: