Kyzylorda-news.kz  Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөл атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі саналады. Ал халықтың билікке деген сенімін нығайтуда мемлекеттік қызметшілердің еңбегі орасан. Елге қызмет ету жолын таңдаған мемлекеттік қызметшілерге қойылар талаптың да салмағы ауыр. Бүгінде өңіріміздегі мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3 338 адамды құрайды екен. Оның 14-і саяси мемлекеттік қызметшілер болса, 3 324 (ЖАО-1828, ОАО АБ-1510) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері. Жалпы мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 3 236 (ЖАО-1789) адам, оның ішінде 1 481-і  45,8 проценті ер азаматтар болса, 36,7 проценті әйел кісілер екен. Ал басшы лауазымдағы әйелдер саны – 314, яғни 21,2 процент (оның ішінде ЖАО- 161). Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің 3 071-і (ЖАО-1 723) немесе 94,9 проценті жоғары білімді, 3 216-ы, яғни, 99,4 проценті  қазақ ұлтының өкілдері, қалған 20 өзге ұлт өкілдері қатарында.

Жауапты салада еңбек етудің де өзіндік талаптары бар. Мемлекеттік қызметшілердің тәртібі мен іс атқарудағы жұмысы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бақылауында. Мемлекеттік қызметке келгісі келетін азаматтарға қойылар басты талаптың бірі арнайы тестілеуден өтуі, әрі мұндай тестілеу шарасынан  әрбір мемлекеттік қызметкер өтуі тиіс. Аталған департаменттің берген мәліметіне сүйенсек, өңірде тестілеуге, оның ішінде мемлекеттік әкімшілік қызметке кіруге 667 адам қатысып, оның 172-сі, яғни 25,8 проценті оң нәтиже алған. Ал, құқық қорғау органдарына кіру үшін тестілеуге 215 адам қатысып, оның 62-сі, яғни 28,9 проценті шекті мәннен жоғары бал алған. Жыл басынан бері мемлекеттік органдарға 157 (ЖАО-74) бос лауазымдарға конкурстар өткізілген. Оның ішінде ішкі конкурс – 83 (39), жалпы конкурс – 74 (35) құрап отыр. Конкурстарға 203 (96) (ішкі конкурс – 59 (32), жалпы конкурс – 144 (64) адам қатысып, бір орынға 1,3(1,3) адамнан келген. Нәтижесінде 112 (61) (ішкі конкурс – 51(29), жалпы конкурс – 61(32) үміткер қабылданған. Ішкі конкурстардың нәтижесімен қабылданған 51 (29) үміткердің 31-і (19), яғни 60,8 проценті (65,5%)  жоғары лауазымдарға тағайындалған.

Департамент тарапынан мемлекеттік грантпен оқуын бітірген түлектермен бірнеше рет кездесулер мен түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Сала мамандары өткен жылдан бастап заң шеңберінде жастарға осындай мүмкіндік берілгенін айтады. Осындай мүмкіндіктердің арқасында, бірнеше жас мамандар аудандық және ауылдық елді мекендерде төменгі лауазымдарға тағайындалған.  Оның ішінде Қызылорда қаласы, «Талсуат ауылдық округі әкімінің аппаратына», Шиелі ауданы «Тұран ауылдық округі әкімі аппаратына», Қармақшы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы лауазымына тиісті жас мамандар тағайындалған. Өткен жылы да, бір жас маман Арал ауданы, Жақсықылыш кентіне бас маман болып, конкурстық іріктеусіз тағайындалыпты. Бүгінгі күнге дейін департамент мамандары Заңнамаға енген өзгерістерді түсіндіру мақсатында әлеуметтік желілерде 70 тен астам хабарламалар, БАҚ-да 7 мақала және 2 телеарналардан сұқбат ұйымдастырған. Соңғы курс студенттерімен департамент басшылығы әрбір факультетпен бөлек кездесулер өткізген. Жастарды қызметке тарту мақсатында осы жылы диплом алушы жастар үшін «Mansap Navigator 1.0» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Аталған шараға 30-дан аса мемлекеттік және жеке меншік мекеме ұйымдарының өкілдерімен 600-ге жуық студент түлектер қатысқан. Сондай-ақ, жұмыс берушілер тарапынан 200-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылған. Заңға енген өзгерістерге сәйкес, өткен жылы Агенттіктің келісімімен 5 мемлекеттік қызметші облыстық басқарма басшылары лауазымына конкурс өткізілместен тағайындалған. Сонымен қатар, ҚР Президент жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының 1 түлегі Департамент келісімімен тікелей конкурссыз негізде жоғары лауазымға тағайындалған.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеру, бәсекеге қабілетті іскер азаматтарды қалыптастыру жұмыстары бойынша да біршама жұмыстар атқарылған. Оның ішінде қызметшілерді даярлау және қайта даярлау жұмыстары (тағайындалған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей) ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен оның аумақтық филиалдарында жүргізіледі екен. Ал, біліктілігін арттыру курстарын (3 жылдан сиретпей) Академия мен оның филиалдарымен бірге, мемлекеттік орган қызметінің бейініне сәйкес келетін білім беру ұйымдары жүзеге асырады. Өткен кезеңде ЖАО бойынша барлығы 123 (жоспар - 826 (14,9 процент) қызметшінің білімін жетілдіру ұйымдастырылған. Оның ішінде қайта даярлаудан – 25 (жоспар – 125 (20 процент), біліктілігін арттырудан – 98 (жоспар - 701 (14 процент) мемлекеттік қызметші өткізілген. Мемлекеттік қызметке алғаш рет немесе оны тоқтатқаннан кейін алғаш рет келген 37 (ЖАО–19) тұлғаға 3 ай сынақ мерзімі тағайындалған. Оның ішінде 36 (ЖАО-19) тұлғаға тәлімгер бекітілген. Тағылымдамадан өтуі тиіс болған 23(ЖАО-21)  қызметшінің 11-і (ЖАО-9) өткен.

Сонымен қатар, өңірлік кадр резервіне іріктеу жұмыстары да жүйелі жұргізілген. Бүгінде аталған бағыттың соңғы кезеңі жүргізілуде. Бұған дейін іріктеудің бірінші кезеңінде өңірлік кадрлық резервке 235 үміткердің құжаты қабылданған. Ал екінші кезең екі блокта өткен. Оның бірінші блогы - заңнаманы білуге арналған тестілеуге 226 үміткер тіркеліп, оның 220-сы тестілеу тапсырса, 6 үміткер тестілеу өтуден бас тартқан. Екінші блок – жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуге 115 үміткер жіберіліп, оның 114-і тіркеліп, 1 адам бас тартқан. Нәтижесінде 51 үміткер кадр резервінің келесі үшінші кезеңіне жіберілген. Үшінші кезең «Құзыреттерді бағалау» осы жылдың 13-29 мамыр аралығында Астана қаласында Мемлекеттік басқару академиясының базасында оффлайн форматта жүргізілген. Аталған 51 үміткердің басым бөлігін мемлекеттік қызметшілер, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және жеке сектордың қызметкерлері мен мұғалімдер құраған. Ал соңғы кезең осы жылдың 22-26  тамызы аралығында өткізіледі деп жоспарлануда. Өңірлік резервке өңірімізден 25 адам алынады. Резервте болу мерзімі 2 жылды құрайды.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметінің тағы бір бағыты мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау болып табылады. Бұл бағыт бойынша департаментке 43 өтініш түскен. Оның 18-і қаралып, 1-еуі автордың өтініші бойынша тоқтатылды, 24 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданған.  Өтініштердің 38-і жеке тұлға, 1-еуі заңды тұлға, 4-еуі мемлекеттік қызметшілерден түскен. Мамандар қаралған өтініштерде жиі көтерілетін сұрақтардың көбіне конкурс өткізу қорытындысымен келіспеу – 5, әлеуметтік қорғалу – 5, әдеп нормаларын бұзу – 4, тәртіптік жазамен келіспеу – 2, конкурс өткізу тәртібіне қатысты – 2 болатынын айтады. Ал департаменттің құзыреттілік шегінде барлығы 23 тексеру жүргізілген. Оның ішінде 6 – профессионалды бақылау, 17-сі жоспардан тыс тексеру. Тексеріу нәтижесінде 143 бұзушылық анықталған. Ал бұзушылықтардың басым көпшілігі мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік мәселелеріне қатысты орын алған. Осыған байланысты орын алған бұзушылықтарды жою бойынша 11 нұсқама енгізіліп, барлығы орындалған. Енгізілген ұсыныстардың нәтижесінде 1 қызметші тәртіптік жазаға тартылса, 2 мемлекеттік органдардың актілері (тәртіптік жаза қолдану) заңсыздығы негізінде бұзылған. Сондай-ақ, 4 мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалып, 3 әкімшілік іс қозғалған. (ҚР ӘКБтК 89б. 1 тар. –1, 462 б. 3 тарм. – 1, 99 бап 2 тарм. – 1).

Департамент мамандары соңғы жылдары Әдеп жөніндегі кеңестер мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік істерін қарауды азайтып, профессионалдық бағыттағы жұмыстарға көбірек көңіл бөліне бастаған айтады. Мәселен, 2022 жылы кеңеспен 86 мәселе қаралған болса, оның 45-і, яғни 52 проценті тәртіптік істерді, ал 41-і профилактикалық бағыттағы мәселелерді құраған. Осындай жұмыстардың нәтижесінде, тәртіптік теріс қылық жасау деректері азайған. Өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңеспен 49 мәселе қаралса, оның 15-і, яғни 30 проценті ғана тәртіптік істер болған, қалғандары осы профилактикалық бағыттағы жұмыстарға арналған. Сонымен бірге, Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілердің де құқықтарының қорғалуына назар аударып келеді. Атап айтқанда, 2022 жылы барлығы 45 тәртіптік іс қозғалған болса, оның 13-і бойынша қызметшілер тәртіптік жазаға тартылмаған. Бұл 28 процентті құраған. Өткен жылы 15 қызметшіге қатысты тәртіптік істер қаралған болса, оның 10-ы, яғни 66 проценті тоқтатылған. Ал 2024 жылдың өткен кезеңінде 12 тәртіптік іс қозғалса, оның 8-і, яғни, 66,6 проценті тоқтатылған. Қалған 4 тәртіптік іс бойынша Кеңес мүшелерінің шешімімен лауазымды тұлғаларға тәртіптік жазалар қолданылған. Кеңесте 5 мемлекеттік органдардың басшыларының мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының және Әдеп нормаларының сақталуы бойынша есептері, 5 Әдеп жөніндегі уәкілдердің есептері, 2 тәртіптік комиссия жұмыстарының нәтижелері, 5 профилактикалық бағыттағы өзге де сұрақтар, барлығы 29 мәселе қаралған. Қабылданатын шешімдердің ашықтығын және әділдігін қамтамасыз ету үшін Әдеп жөніндегі кеңестің әрбір отырысы бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өткізіледі. Тікелей эфирлер ұйымдастырылады.

Жалпы өңірде мемлекеттік органдармен барлығы 374 қызмет түрі көрсетіледі екен(ЖАО-173, АМО– 201). Биыл І тоқсанда барлығы 1 650 938 қызмет көрсетілген(ЖАО – 1 373 935 (83,2 %), АМО – 277 003 (16,8 %). Оның ішінде қағаз түрінде – 6677(0,4%) қызмет, электронды түрде – 1 643 754 (99,6%), мемлекеттік корпорация арқылы – 508 қызмет көрсетілген. Департаментпен 28 бақылау іс - шаралары өткізілген (профилактикалық бақылау - 6, жолданымдар бойынша – 22, мемлекеттік органдардың хабарламасы - 2). Профилактикалық бақылау, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша тексеру және қашықтықтан мониторинг (выгрузка, удаленный мониторинг) нәтижесінде жалпы 1756 бұзушылық анықталған. Жалпы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу – 1190, қағидаларда көзделген жұмыс кестесін сақтамау – 363, қызмет көрсету мерзімін бұзу –  106 деректер жиі орын алатын бұзушылықтарға жатқызуға болады. Ал қызмет көрсету сапасына қатысты 35 өтініш түссе, 22 өтініш бойынша тексеру жүргізілген. 1 қызмет алушының дәлелдері расталып, құқығы қалпына келтіріліп және қорғалған. Сондай-ақ, рұқсат құжаттарын беру мерзімі мен тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК -нің 465 - бабы бойынша 4 әкімшілік хаттама (465-б. 2-б. - 2, 465-б. 3-б. - 2) толтырылған (оның ішінде: қысқартылған тәртіпте – 3), 313 820 теңге көлемінде айыппұл салынып, толық төленген. Тәртіптік жауапкершілікке мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 45 қызметкері тартылған (ЖАО – 39, ОМО АБ – 6). Қоғамдық кеңестің 11 отырысындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағыты бойынша – 41 мәселе қарастырылған. Департамент жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының 2 отырысы өткізіліп, хаттамалық тапсырмаға сәйкес 8 мемлекеттік органға 16 ұсыныс берілген.

Департамент мамандары соңғы кездері, аумақтық департамент қызметкерлерін мәслихат сессияларына шақыру тәжірибесі енгізіліп жатқындығын айтады. Ол жерде де мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы мәселе қозғалады. Сонымен бірге, әр ай сайын ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері, әсіресе қоғам белсенділері аудан, қала және облыс орталықтарында халыққа қызмет көрсететін орталықтарға барып, қызметтердің сапасына мониторинг жұмыстарын жүргізіп отырады. Орын алған кемшіліктерді департаментке хабарлап, олар бойынша тиісті ұсыныстар енгізіледі. Бұдан бөлек, «Елге қызмет» арнайы телебағдарламасының 13 жобасы жарық көрген. «Ең алдымен адамдар» оқу бағдарламасының 6 семинары өткізіліп, оның ішінде 210 тыңдаушы қамтылған. Сонымен қатар 60 онлайн жәрмеңке өткізіліп, оның ішінде 21-і (қалалық) облыстық және 39-ы аудандық деңгейде өткізілген. Онлайн жәрмеңкеге қатысушыларды қамту саны – 10118 адамды құраған.

Бұдан бөлек, департамент және ЖАО, АМО қызметшілерінің қатысуымен 4 интернет-конференция, 58 тікелей эфир өткізіліп, 12648 көрермен қамтылған. Өткен жылдың бірінші жарты жылдығында Департаментпен қаржы, сауда және интеграция министрліктерінің, олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының, барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне талдау жүргізіліп, нәтижесінде 10 өзекті мәселелер анықталып, оларды шешу бойынша Агенттікке ұсыныстар жолданған.  Ал екінші жарты жылдығында талдау жұмыстары ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар бағыты бойынша жүргізіліп, 17 проблемалық мәселелер анықталып, олар бойынша ұсыныстар  жолданған. Сонымен қатар, 2023 жылы Департаменттің ұйымдастыруымен арнайы құрылған фокус-топтармен бірлесіп 3 бағыт бойынша, яғни рұқсат беру рәсімдері мен монополияға қарсы заңнаманы бюрократиядан арылту, өндірушілер (зауыттар), экспорттаушылар, импортаушылар тарапына қатысты әкімшілік рәсімдерді бюрократиядан арылту, жер қойнауын пайдаланушылар тарапына қатысты әкімшілік рәсімдерді бюрократиядан арылту бағыттары бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізіп, Агенттікке жалпы жолданған 21 ұсыныстың 15-і қолдау тапқан.  Мұндай жұмыстар «Мемлекеттік қызметтер» бағыты бойынша да жүргізіліп, фокус-топтармен ұсынған 57 ұсыныс сараланып, оның ішінен 25-і іріктеліп Агенттікке жолданған. Биылғы атқарылған жұмыстар бойынша бұл бағытта жылдың бірінші тоқсанында «Индустрия және индустриялық даму, өнеркәсіп, тау-кен металлургия кешені» бағыты бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Агенттікке 4 ұсыныс жолданған. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметке 102 бірлік бос орындар саны бар.

Фото: gov.kz

А.ӘЛІМ

Тағы да оқыңыз: