Kyzylorda-news.kz  Құжатқа сәйкес, сарбаз 22 тамызда қайтыс болған, бірақ қайғылы оқиға 7 қыркүйекте ғана хабарланды.

Желіде «Оймашы» оқу полигонында қаза тапқан сарбаз туралы мәліметтер жазылған құжат пайда болды. Аталмыш құжатта Марат Барқұловқа 22 тамыз күні оқ тиіп, көз жұмған. Алайда, Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жанғулин бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, сарбаз 22 тамызда қайтыс болған, бірақ қайғылы оқиға 7 қыркүйекте ғана хабарланды.

Жағдайды анықтау үшін «NewTimes.kz» редакциясы қаза тапқан сарбаздың туыстарымен байланысқа шықты. Мараттың туған әпкесі Әдияның айтуынша, құжат шындыққа сәйкес келмейді, өйткені олар соңғы рет 4 қыркүйекте телефон арқылы сөйлескен.

Қорғаныс министрлігі бұл оқиға туралы «ескі үлгідегі бланкіде толтырылған оқиғалар туралы есеп формасы» деп түсіндіріп, фатальды қате кеткенін айтты.

Марат Барқұловтың денесі бүгін, 9 қыркүйек күні, Шығыс Қазақстан облысы Самар ауылына жеткізілді. Сарбаздың әпкесі әлеуметтік желіде бірнеше жазба жариялады.

«Оқ оның бетіне тигенде, ол құлап түскен. Бірақ ол әлі демалып жатқан. Елестетіп көріңізші, сол кезде «мен өліп бара жатырмын» деп ойлағанын. Ол бәрін және бізді ойлады. Әскерден оралғанда мені бәрі-бәрі қарсы алса деп армандаған еді», — деп жазды Instagram парақшасында Әдия Аманжолқызы.

Айта кетсек, Маңғыстау облысындағы ҚР ҚМ әскери бөлімдерінің бірінің взвод командирі Марат Барқұловтың бетіне абайсызда оқ тиген. Жарақаттың салдарынан сарбаз ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Қайғылы оқиға бойынша Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігіне (қасақана адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ведомство басшысы бұл істі ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді. Арнайы комиссия құрылып, қайғылы жағдайдың барлық мән-жайлары жан-жақты тексерілуде.

Қорғаныс министрлігі кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылатынын, ал қаза тапқан сарбаздың отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Сурет: kyn.kz

Тағы да оқыңыз: