Kyzylorda-news.kz.  Бүгін «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының бойында «Жолда қабылдау» акциясы өтті. 

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалының мамандары,жол патрульдік полициясы мен көліктік инспекция қызметкерлері ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне көктемгі салмақтық шектеулер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жалпы еліміздің бірқатар өңірінде 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында жүк көліктері үшін бір білікке 8 тоннадан артық салмақ тиеуге тыйым салынды. Осыған орай, мамандар күре жолмен иннертті материал тасымалдайтын азаматтарды жол бойында қабылдап, 40 жуық жүргізушіге заң талаптары түсіндірілді. 
 

Тағы да оқыңыз: