2024 жылғы 28 тамызда «АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ»
азаматтық қоғамды дамыту ұлттық орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдарының альянсы Қазақстанның Азаматтық Альянсы, Қызылорда облысының Әділет департаменті және Қызылорда облысының Қоғамдық Даму басқармасының қолдауымен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, Қызылорда қаласының тұрғындары үшін «Ашық Есік Күні» өтті.
Азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге арналған қызметтер аясында адвокаттар, заң консультанттары, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар мен нотариустар, Әділет департаменті қызметкерлері Қызылорда облысының ҮЕҰ альянсының кеңсесінде жеке қабылдаулар ұйымдастырды. Жыл аяғына дейін тегін кеңес беру бойынша қабылдаулар Азаматтық Альянстың базасында орналасқан "Азаматтық қоғамды дамыту" орталығында әр жұма күні сағат 11-00 ден 13-00 ге дейін ұйымдастырылатын болады. Қазақстан Республикасының Конситуциясында бекітілген әр азаматтың білікті заң көмегін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз етуге
бағытталған жоба барлық аймақтарда азаматтық қоғам институттарының белсенді қатысуымен жүргізіледі.
Жобаның мақсаты - ҮЕҰ секторы мен Азаматтық бастамаларды қолдай және дамыта отырып, жүргізіліп жатқан реформалар төңірегінде қоғамды жұмылдыру және шоғырландыру үшін институционалдық алаң құру. Аймақтарда ашылған Азаматтық қоғамды дамыту Орталықтары ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар арасында өзара тиімді әріптестік құруға ықпал етіп, үшінші сектордың әлеуетін дамыту
мен нығайтуға бағытталған. Орталықтар өз қызметі шеңберінде Әділетті Қазақстанды құруға және әрбір азаматтар мен жастардың қоғамдық процесcтерге белсенді қатысуына ықпал етеді.