Kyzylorda-news.kz  Жақында Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, мерзімді әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Дәурен Тлеумбетовтің төрағалығымен көктемгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстарының барысы туралы жиын өтті. Жиынға Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Жұмылдыру, жоспарлау бөлімінің бастығы Ерлан Абуллаев арнайы келіп қатысты.

Дәурен Оңғарбайұлы кәмелет жасқа толған жастардың әскери борышын өтеуге жіберу күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі екендігін айтты. Сондай-ақ өткен жылғы мерзімді әскерге шақыру жұмыстарында орын алған кемшіліктерге тоқталып, бұл бойынша жауаптыларды қатаң сынға алды. Мұнан соң көктемгі әскерге шақыру кезеңіне дайындық шаралары бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Нұрлан Көлбаев хабарлама жасады.

Жиында Ерлан Абуллаев сөз алып, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінен берілген тапсырысты өз деңгейінде орындау жөнінде облыс тарапынан тиісті әдістемелік көмек көрсетіп, бірлесе жұмыс жасайтындығын жеткізді.

Мәжіліс соңында Дәурен Тлеумбетов тиісті сала басшыларына 2024 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, қатаң бақылауға алу, әскери қызметке шақырылушылардың уақытылы медициналық сараптамадан өтуін қамтамасыз ету, жастарды, әскерден жалтарып жүрген азаматтарды әскерге тарту және әскери қызмет етудің маңыздылығын насихаттау шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Тағы да оқыңыз: