Kyzylorda-news.kz.  2024 жылдың 1 наурызында Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Қаншама жас әскер қатарын толықтырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Азамат Досымов атап өткендей, көктемгі әскерге шақыру науқаны 30 маусымға дейін жалғасады.

"Қарулы Күштер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақырудан кейінге қалдыруға немесе босатуға негіз жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 20 мыңнан астам мерзімді әскери қызметші толықтырады.Осылайша, Қарулы Күштерге 9 мыңнан астам, Ұлттық ұланға - 6 мыңнан астам, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне - 3 мыңға жуық, Төтенше жағдайлар министрлігіне - 300-ден астам және Мемлекеттік күзет қызметіне - 300-ге жуық әскер қатарына шақырылғандар", – дейді Азамат Досымов.

Сурет: akorda.kz

Тағы да оқыңыз: