Мемлекеттік корпорацияның Қызылорда облысы бойынша филиалы қызылордалықтар қандай Мемлекеттік қызметтер үшін ХҚКО-ға жиі жүгінетіндігі мен бөлісті.
Автокөлікті тіркеу, жеке куәлікті алу, тіркеу және электрондық цифрлық қолтаңбаны алу сияқты қызметтер үлкен сұранысқа ие.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарының айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында ғана облыста 60 мыңнан астам автомобиль тіркелген. Шетелдік нөмірлері бар машиналарды әкелу осы көрсеткіштің артуына ықпал етті. Сонымен қатар, қызылордалықтар ХҚКО – ға 36 мыңнан астам рет жеке куәлік рәсімдеу үшін, ал тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметін алу үшін 16 мыңнан астам рет жүгінген.
Сондай-ақ, соңғы уақытта жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет танымал болып келе жатқанын атап өтеміз. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне 25 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Естеріңізге сала кетейік, ХҚКО бұл қызметті дербес менеджер ұсына алады. Ол жылжымайтын мүлікті сатушы мен сатып алушының қатысуыңсыз барлық қажетті құжаттарды дайындайды.
Айта кетейік, Мемлекеттік корпорация арқылы барлығы 1267 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
Фото: gov4c.kz