Kyzylorda-news.kz Полицейлер Қызылордада 300 доза «синтетика» таратудың алдын алып, есірткі саудагерін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласында 34 жастағы тұрғын ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтағаны және сатпақ болғаны үшін ұсталды. Ұстау барысында одан қара оқшаулағыш таспамен оралған ақ түсті ұнтақ салынған 10 бума, сондай-ақ қала аумағында есірткі жасырылған 30 орын табылды.

Күдіктінің жалға алған пәтерін тінту кезінде заттай дәлелдер тәркіленді: сұр түсті ұнтақ салынған пакет, электронды таразы, фольга, скотч және арнайы қаптамалар. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген ұнтақ салмағы 261 грамм болатын a-PVP психотроптық заты екені анықталды.

Осылайша, полицейлер шамамен 300 доза есірткі, құны шамамен 6 миллион теңге болатын есірткінің заңсыз айналымға енуінің алдын алды. Тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдары сотқа жіберілді. Ер адам 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Тағы да оқыңыз: