Kyzylorda-news.kz Сыбайлас  жемқорлықпен күрес  күн тәртібінен түспейтін күрделі мәселе. Қазіргі қазақстандық полицияның өзекті міндеті   қолжетімділік  пен ашықтықты арттырып, тұрғындармен кері байланыс орнату. Өз кезегінде полицияның ашықтығы сыбайлас жемқорлықпен күресте негізгі қағидаттардың бірі. Бұл мақсатта Қызылорда облысы Полиция департаментімен жоспарлы шаралар жүргізілуде.  

Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында полицейлер кезекті профилактикалық іс-шара өткізді. Шара барысында тәртіп сақшылары адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы жадынамалар таратты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – халыққа сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы түсіндіру және мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу. Полицейлер азаматтарға пара беру мен алудың заңмен қатаң жазаланатынын ескертіп, заң талаптарын сақтауға шақырды.

Сонымен қатар тұрғындарға сыбайлас жемқорлық деректері кездескен жағдайда тиісті органдарға хабарлау қажеттігі айтылды. Таратылған жадынамаларда азаматтардың құқықтары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары және құқықбұзушылық туралы хабарлау жолдары көрсетілген.

Мұндай түсіндіру жұмыстары қоғамда адалдық пен әділдік қағидаларын нығайтуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Полицейлер алдағы уақытта да халық арасында ақпараттық-профилактикалық шараларды жалғастыра беретінін атап өтті.

Тағы да оқыңыз: