Kyzylorda-news.kz Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ұлттық мереке Республика күнін атап өтті.

Облыс орталығындағы Достық үйінде мерекеге орай ұйымдастырылған іс – шараға Департаменттің басшылығы, жеке құрамы мен сала ардагерлері жиналды. 

Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал – лейтенанты  Саденов Ержан Сапарбекұлының мерекелік құттықтау хаты оқылды.  

Министрдің бұйрығымен кезектен тыс арнайы атаққа лайықтыларды марапаттап, қызметте жоғары жетістіктерге жеткен мамандардың кеудесіне  «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін», «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгілері тағылды.

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен 25 қызметкер марапатталса, Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлының бұйрығымен  232 қызметкер түрлі марапаттарға ие болды.   

Қызылордалық полицейлер Республика күнін сән – салтанатымен атап өтті.jpg

Сондай-ақ шара барысында ұзақ жылдар бойы iшкi iстер органдарында қызмет етiп, құрметті еңбек демалысына шыққан ардагерлер қауымына да Департамент бастығының Алғыс хаттары табыс етілді. Өз кезегінде Полиция департаментінің Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлы  ардагерлерге көрсетілген құрмет үшін алғысын білдіріп, құттықтауын жеткізді.

Бүгінгі салтанатты шара барысында Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы сөз сөйледі:

«Осынау айтулы күн қазақ тарихы үшін маңызы зор мейрам. Елдік пен егемендікті, мемлекет тұтастығы мен патриотизмді дәріптейтін ұлы мереке.
Талай сынақтардан сүрінбей өтіп, еңсесін биік  ұстаған еліміз бүгінде дамудың даңғыл жолында.

Баршаңызды халқымыз үшін аса қастерлі, ұлық мереке Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!  Еліміздің ұлық мерекесі баршаңызға игілік, бақ-дәулет, ырыс-несібе әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» деді Департамент бастығы. 

Іс-шара жергілікті өнерпаздар мен тәртіп сақшылары ұсынған  мерекелік бағдарламамен аяқталды.    

Тағы да оқыңыз: