Kyzylorda-news.kz  Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Сырдария ауданы Нағи Ілиясов атындағы ауылда патриоттық тақырыпта концерт берді.

Ашық аспан астындағы концерт Қазақстан полициясы күніне орай ұйымдастырылды. Қоғам тыныштығын күзетудегі еңбегін құрметтеу және қала тұрғындары арасында патриотизм мен бірлікті арттыру мақсатында өткен шара барысында погон таққан өнерпаздар патриоттық әндерді орындады.

Тәртіп сақшылары барын салып, көпшіліктің көңілінен шығуға тырысты. Олар өздерінің жұмыс уақыттарының тығыздығына қарамастан, үлкен дайындықпен келгендерін көрсетті.

«Құрметті ауыл тұрғындары және қадірлі қонақтар! Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 33 жыл толып отыр. Полиция – бұл тек құқық қорғаушы орган ғана емес, ол – халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін, қоғамның тыныштығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді тірек.

Бүгінгі біздің арнайы ұйымдастырып отырған іс-шарамызға келгендеріңізге, Сіздермен жүздескенімізге қуаныштымыз. Біз – осы қоғамның бір мүшесіміз. Сіздердің мәселелеріңіз, уайымдарыңыз біз үшін маңызды. Себебі қауіпсіз орта – бәрімізге ортақ. Қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылықпен күресу тек полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі.

Біздің басты мақсатымыз – заңдылық пен тәртіпті сақтау ғана емес, сонымен қатар халықпен ашық, әділ, сенімді қарым-қатынас орнату. Қоғам тыныштығы – бәріміздің қолымызда!» деді Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы.

Фото: Полиция департаменті

Тағы да оқыңыз: