Kyzylorda-news.kz 18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне арнайы барып, музей ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары музейдің экспозициялық залдарын аралап, өңір тарихы мен рухани-мәдени мұрасын таныстыратын құнды жәдігерлермен танысты.

Кездесуде Қызылорда облысы Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, полиция капитаны Шарипова Аида Сабитовна музей қызметкерлеріне алғыс білдіріп, олардың ұлт тарихын ұлықтау мен мәдени құндылықтарды сақтаудағы еңбегін ерекше атап өтті. Сондай-ақ кәсіби мереке иелеріне құрмет көрсетіліп, бірқатар қызметкерлер марапатталды.

Музей – өткен мен бүгінді жалғайтын рухани алтын көпір. Өңірдің бай тарихы мен тағылымды шежіресін келер ұрпаққа жеткізуде музей қызметкерлерінің еңбегі зор. Танымдық кездесудің мақсаты – тарихи-мәдени мұраға құрмет көрсету, жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру және қоғам мен мәдениет саласы арасындағы байланысты нығайту болды. 

Тағы да оқыңыз: