Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Қасанов Айдар Демегенұлының бұйрығымен полиция қызметкерлері құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында № 15 УПИ-ның ауқымды әкімшілік аумағында «Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Профилактикалық іс-шараның мақсаты құқық бұзушылықтардың алдын-алу, патрульдеуді жүзеге асыру, профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды, қару иелерін тексеру, тұрғындарға, шағын және орта бизнес иелеріне учаскелік инспекторларын таныстыру, заңмен белгіленбеген уақытта алкоголь өнімін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көрсетілгенін ескерту, сондай-ақ кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы қылмыстарды болдырмау болып табылады.

Тұрғындардың мекен-жайларын аралау кезінде аталған әкімшілік аймаққа жауапты учаскелік полиция инспекторларының аты-жөндері, қызметтік және ұялы байланыс телефондары көрсетілген визиткалар таратылды. Аумақта 18 500 тұрғын тұрады. Сонымен қатар, профилактикалық және тізімдік есепте тұрған 48 адамның 32-і мекенжай бойынша тексерілді. Олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Тұрғылықты жері бойынша азаматтық қарудың 31 иесінің 19-і тексерілді.

Атқарылған жұмыс барысында 24 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша (қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) 8 дерегі, ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы бойынша (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) 5 дерегі, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы бойынша (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) 3 дерегі және ҚР ӘҚБтК -нің 519 бабы (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) 2 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шара көрілді.

Іс-шара барысында кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар қала тұрғындарын ұрлықты алдын алуүа өздерінің мүліктерін (велосипед, скутер, коляска т.б) қараусыз қалдырмауларын, темір есік, решетка, дабыл белгісін, бейнекамера орнату жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Фото: “Қармақшы таңы” 

Тағы да оқыңыз: