Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігін сақтау және жедел жағдайды, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың және өзге де құқыққа қарсы әрекеттердің алдын-алу мақсатында 1-10 маусым аралығында республика көлімінде «Құқықтық тәртіп» іс-шарасын өткізді.

Жедел-профилактикалық шара барысында қоғамдық және жол тәртіпті бұзудың 2104 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде қоғамдық қауіпсіздік бойынша 175 әкімшілік құқық бұзушылық, алкогольдік ішімдік ішіп қоғамдық орындарға масаң күйде жүрген 175 дерегі және түн тыныштығын бұзған 145 құқық бұзушылық анықталды. 

Атап айтқанда, есірткі затын заңсыз тасымалдау дерегі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК–нің 296-бабының талаптарына сәйкес 1 дерегі анықталып, сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

Суық каруды алып жүрудің 12 дерегі анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. 

Кәмелет жасқа толмағандардың түнгі мезгілде ата-анасының қарауынсыз жүру фактісінің 310 дерегі анықталып, ата-анасына айыппұл салынды. 
Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруына байланысты 5 автокөлікке Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 612-бабының талаптарына сәйкес әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөліктер айып тұрағына қойылды.

Автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермегені бойынша 97 жүргізушіге Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 600 бабының талаптарына сәйкес әкімшілік хаттамасы толтырылды.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Қасанов Айдар Демегенұлы қала тұрғындарына және қонақтарына: «Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері халықтың тыныштығы мен олардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында күнделікті рейдттік іс шаралар ұйымдастыруда. Олардың ішінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жолда жүру ережелерін сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар көпқабатты үйлер мен жеке үй аулаларында жаяу бағыттағы және патрульдеу бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Фото: gov.kz

Тағы да оқыңыз: