Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігін сақтау және жедел жағдайды, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың және өзге де құқыққа қарсы әрекеттердің алдын-алу мақсатында 20-30 маусым күндері аралығында республика көлімінде «Құқықтық тәртіп» іс-шарасын өткізуде.

Іс-шараның мақсаты – көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ашу және жолын кесу, сондай-ақ жол қауіпсіздігін сақтау болып табылады. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу іс-шарасының бес күнінде 1681 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, қоғамдық орында ұсақ бұзақылық – 43, автокөлікті масаң күйде басқару – 3, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР – ның халықтың көші – қоны саласындағы заңнамасын бұзу –38, қоғамдық орында спирт ішімдігін ішу – 62, тыныштық бұзу – 52, жаяу жүргіншіге жол бермеу – 48 дерегі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу үшін тиісті заң аясында бақылауды күшейтуде. Жол ережелеріне бағынбаған немесе қылмыс жасаған азаматтар құқықтық жауапкершіліке тартылатындығын ескертеді!

Фото: sputnik.kz

Тағы да оқыңыз: