Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында полиция есірткі зертханасын жойды. Қызылорда облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұл бағытта жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Іс-шара барысында заңсыз есірткі қылмысымен айналысқан 52 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
«Тексеру барысында оның тұрғылықты мекенжайынан ішінде арнайы фито-зертханасы бар жылыжай анықталды. Бөлменің қабырғасы пластик фольгамен қапталған. Өсімдіктерді өсіруге арналған жарықдиодты жарықтандыру құрылғысы және суаруға арналған құрал-саймандар тәркіленді. Полиция қызметкерлері зертхана ішінен 214 түп қарасораны заттай дәлелдеме ретінде тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4 келіге жуық екені анықталды. Одан бөлек тұрғылықты жері бойынша сарай ішінен 8 газет қиындысына, 6 полиэтилен пакетке және пластикалық бөтелкеге салынған өзіне тән ерекше хош иісі бар кептірілген шөп тәріздес заттар алынды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше. сараптама қорытындысына сәйкес осы тәркіленген заттар жалпы салмағы 5,4 келі кептірілген марихуана, 4,65 грамм гашиш болып шықты.