Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласы және 7 аудан орталығында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы ұйымдастырылды. Мақсат – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.

Іс-шараға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, жергілікті атқарушы, сонымен қатар, жеке нотариустар, сот орындаушылар, заңгерлер мен адвокаттардан құралған 50-ге жуық кеңесші маман қатысты.

Шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы  Қ.Ахметқалиев мұндай іс-шараларды өткізу азаматтардың құқықтық санасын дамытуға мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға, сондай-ақ қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Шара барысында мамандар 500-ден астам азаматқа кеңес берді.

Сарапшылар неке-отбасы, мұрагерлік, тұрғын үй, еңбек, азаматтық құқық, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, сот шешімдерін орындау, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, несие, жол құрылыстары, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық және тағы басқа салаларға қатысты көптеген сұрақтарға жауап берді.

Акция алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 call орталығына немесе Департаменттің 8 (7242) 230690 кезекші телефонына қоңырау шалуға болады.

Тағы да оқыңыз: