Kyzylorda-news.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті Қармақшы аудандық полиция бөлімінің екі қызметкерін ұстады.
Департамент мамандары 19 маусымда сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау дерегі бойынша аудандық полиция бөлімі миграция қызметінің маманы Т.Н мен полицияның учаскелік инспекторы Ж.К-ні қолға түсірді.
21 маусымда тергеу соты күдіктілерге қатысты үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.
«Қазіргі уақытта қылмыстық іс Қармақшы аудандық сотының қарауына ұсынылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де деректер жария етуге жатпайды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында прокуратура жалған дипломмен қызмет атқарған 9 «мұғалімді» анықтады.
Фото: Polisia.kz