Kyzylorda-news.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қызылорда облысы бойынша Департаменті ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалымен бірлесіп, жас мемлекеттік қызметшілер арасында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп» форматында семинар өтті.
Мақсат – жас мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі факторы ретінде сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын ілгерілету.
Күн тәртібіне сәйкес Антикор басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков баяндама жасап, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мен ұлттық заңнаманың бұл саладағы жаңашылықтары жөнінде айтып өтті. Сондай-ақ Академия филиалының директоры А.Мадалиева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында баяндама жасаса, Академияның доценті, психология ғылымдарының кандидаты А.Аяғанова «Адал адам бейнесі және парасаттылық негізі» атты тренинг өткізді.
Семинар соңында жоба қорғаушылар «Ең үздік жоба», «Инновациялық жоба», «Креативті жоба», «Жаңашылдық жоба» номинациялары бойынша Департамент басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.