Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласында «Заң мен Тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» жобасы аясында кезекті профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері Нағи Ильясов атындағы 9 мектеп-гимназия жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шараға Қызылорда ОПД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы полиция майоры Жумабеков Талғат және Қызылорда ҚПБ Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны Асанбаева Айгүл, полиция аға лейтенанты Коныртай Айымжан қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтардың алдын алу, буллинг, сталкинг, бұзақылық, кәмелетке толмағандарға қатысты және оларға қарсы жасалатын қылмыстар, интернет-алаяқтық түрлері мен заң алдындағы жауапкершілік туралы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар заңды құрметтеу мен тәртіпті сақтау – қауіпсіз әрі жарқын болашақтың негізі екені ерекше атап өтілді.

Ашық форматта өткен кездесуде оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы болып табылады.

Тағы да оқыңыз: