Kyzylorda-news.kz  «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында Қызылорда облысының әскери және құқық қорғау саласының қызметкерлерінен құралған командалар арасында «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Этно Quiz» интеллектуалды сайысы өтті.

Бұл сайыс – әскери және құқық қорғау саласында қызмет жасайтын жастардың ұлттық рухын көтеру және тілді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған. Шарада облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары У.Ибраев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа 35 жасқа дейінгі қызметкерлерден құралған 8 команда қатысты. Олар 5 кезең бойынша берілген тапсырмаларды орындап, бақ сынады.

Сайыс қорытындысымен өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері, яғни «Құтқарушы қаһарман» тобы жоғарғы ұпай жинап, жеңіске жетті. Сондай-ақ жеңіс тұғырынан көрінген командаға арнайы диплом мен этностатуэтка табысталды. Одан бөлек әрбір қатысушыларды алғыс хатпен марапаттап, сый- сыяпат табыстады.

Айта кетейік, шарада Монғолия елінен келген қандас бауырымыз ән шырқап, Қытайдан келген бауырымыз күй тарту етті.

Тағы да оқыңыз: