Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен құқық қорғау мен сот органдардың және адвокаттар қауымдастығының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Басқосудың мақсаты – қылмыстық істерді сотта қарау барысында тергеуде жіберілген заң бұзушылықтарды өзара талқылап, алдағы уақытта оларға жол бермеу.
Қазіргі таңда, кадр тапшылығымен қатар, жұмыс талабы да күшеюде.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасының төмендеуі салдарынан азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына әкеп соқтыру жағдайы кездесуде.
Осы жылдың 5 айында Республика көлемінде 12 мыңға жуық іс сотқа жолданып, басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процестік заңнаманы елеулі түрде бұзушылықтар анықталуына байланысты 38 қылмыстық іс прокурорға қайтарылса, 24 іске соттармен ақтау үкімдері қабылданған.
Бұдан бөлек, 90 іс жеңіл баптарға сараланған.
Бұл сандық мәліметтерге де облыстың үлесі де бар.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасының төмендеуі салдарынан азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына әкеп соқтыру жағдайы кездесуде.
Үстіміздегі жылдың 5 айында облыс көлемінде 587 іс сотқа жолданып, олардың 435 іс қаралып, 369-ы бойынша айыптау үкімдері қабылданса, 47 іс тоқтатылған, қалғандары бойынша бүгінгі күні сот процестері жүріп жатыр.
Жолданған істердің 9-ы кәмелетке толмағандарға қатысты болса, 63 іс әйелдерге қатысты болған.
Прокурорға 5 адамға қатысты 3 қылмыстық іс кері қайтарылып, оның 2-уі бойынша сот актілерінің күші жойылды.
Бір азаматқа қатысты соттың ақтау үкімі заңды күшіне енді.
Тергеуде жіберілген кемшіліктер бойынша соттармен 4 жекеше қаулылар қабылданып, 17 сотталушының әрекеттері соттармен жеңіл баптарға қайта сараланған. Соның негізінде 6 адам қамаудан босатылған.
Қылмыстық іс жүргізуде осы және де басқа да проблемалық мәселелер туындайды, кемшіліктер мен заң бұзушылықтар да орын алады.
Бүгінгі жиында осыларды құқық қорғау мен прокуратура органдарының және сот, адвокатура өкілдерінің қатысуымен талқыланып, шешу жолдары қарастырылып, біркелкі тәжірибе қалыптастырылатын болады.