Kyzylorda-news.kz Қызылордада республикалық «Пробация» атты жедел профилактика іс-шарасы өтті. Қызылорда қалалық, аудандық пробация қызметі, прокуратура өкілдері, қалалық полиция басқарамасымен және әлеуметтік бейімдеу орталығы қызметкерлерімен бірлескен мобильді топ құрылды. Есепте тұрған тұлғаларға тұрғылықты мекен-жайлары бойынша бірлескен тексерістер жүргізілілді. Мақсат – пробацияда есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауын алдын алу.

Қазіргі уақытта Қызылорда аудандық, қалалық пробация қызметі тобының есебінде 1000-ға жуық адам тіркеуде тұр. Тексеріс барысында инспекторлар есептегі тұлғаларға сот жүктеген міндеттерді орындауды және қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылықтар жасамау керек екендігін қатаң ескертіп, олармен профилакткалық сұхбаттар жүргізді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Пробация қызметіне басшылық жасау тобының бас маманы әділет майоры Ғаламат Құлмановтың айтуынша сотталғандар іс-шара барысында есептегі тұлғалардың мекен-жайынан тексеру жұмыстары жүргізілді.

–  Іс-шара кезінде қайталама қылмыс жасауға, алкогольдік ішімдік ішуге, отбасылық тұрмыстық жанжалға бейім тұлғалар қадағаланып, прокуратура өкілдерімен, учаскелік полиция инспекторларымен тығыз байланыста жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде есептегілермен 57 жаза өтеу тәртіптері мен шарттарын бұзғандар анықталды. Тексеру кезінде мекен-жайында болмаған 39 сотталғанға «ескерту» шарасы берілген, 19 сотталғанның бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ұсыным жолданды. Әкімшілік құқықбұзушылықтар жасаған 7 сотталғанға әкімшілік хаттама толтырылды,- деді әділет майоры Ғаламат Құлманов.

Тағы да оқыңыз: