Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы бағытта облыстық полиция департаменті кешенді профилактикалық шараларды жүзеге асырып келеді. 

2026 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша жасөспірімдердің қатысуымен жасалған қылмыстар саны 7,1 пайызға төмендеген. Осы жұмыстар аясында Қызылорда қаласында полиция қызметкерлері түнгі рейдтік іс-шара өткізді. Тәртіп сақшылары қала аумағында күшейтілген бақылау жүргізіп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударды.

2025 жылғы 13–17 сәуір аралығында өткен рейд барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген 77 жасөспірімге қатысты тиісті шаралар қабылданды. Аталған деректер бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік хаттамалар толтырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабына сәйкес жауапты тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылды. 

Бұдан бөлек облыс көлемінде “Жасөспірім”, “Демалыс” жедел-профилактикалық іс-шаралары ұйымдастырылып, “Түнгі қала” және “Квадрат” әдістері бойынша рейдтер тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл жұмыстарға қоғам белсенділері, блогерлер мен мұғалімдер тартылып, қоғамдағы жауапкершілікті арттыруға ықпал етуде.

768e8677-9647-4e23-8594-5251f84a6729.jpeg

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: