Kyzylorda-news.kz 2025 жылдың 22 қазан күні сағат 08:00-20:00 аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда облысы аумағындағы «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» тас жолының 1623-1547 шақырымында қызмет атқару кезінде полиция майоры Нариман Рахметов пен полиция аға лейтенанты Әділжан Нұрланұлы жоғалған жасөспірімді тапты.

Сағат 12:00 шамасында ОПД ЖПҚБ кезекші бөлімінен бағыттама түсіп, онда 2025 жылдың 21 қазан күні сағат 09:00-де Орал қаласынан 15 жастағы жасөспірімнің белгісіз бағытқа кетіп, үйіне оралмағаны хабарланған.

Жедел іздестіру шарасы барысында Алматы қаласы бағытына қарай кетіп бара жатқан Toyota маркалы көлік тоқтатылып, тексеру кезінде жоғалған бала анықталды. Жасөспірім Қармақшы аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, ата-анасына аман-есен табылғаны туралы хабар берілді. Мән - жайлар анықталуда.

Тағы да оқыңыз: