Kyzylorda-news.kz  1990 жылы туған Гүлсая Қошқарбайқызы Шагирова «Ата-мекен 2021» тұтыну кооперативін құрып, азаматтарға пайызсыз баспана және автокөлік алуға шақырып, салымшылардан ақша жинаған.  Нәтижесінде 11 салымшы 17,6 миллион теңгесінен айырылған.

Сот оны Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 217-бабымен (қаржылық пирамиданы құру) кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен қатар, бес жылға бас бостандығынан айырды.

Жәбіршіленушілерге келтірілген шығын өтелді.

 

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті

Фото: egemen.kz

Тағы да оқыңыз: