Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласы Полиция басқармасы интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған кезекті профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

Қалалық  №5 емхананың ақ халатты абзал жандарымен басқарма бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Шагиров Азиз Алиұлы кездесті.

Кездесу барысында қатысушыларға интернет алаяқтықтың кең таралған және жаңа түрлері туралы жан-жақты ақпарат берілді, медицина қызметкерлеріне жадынамалар таратылды.

Жеке деректерді қорғаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға құпия сөздерді қауіпсіз сақтау, екі факторлы аутентификацияны қолдану, күмәнді сілтемелерді ашпау және бейтаныс нөмірлерге жеке мәлімет бермеу сияқты қарапайым, бірақ тиімді сақтық шаралары таныстырылды.

Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына нақты жауап алды. Тәжірибелік мысалдар мен өмірлік оқиғалар арқылы ақпарат түсінікті әрі әсерлі жеткізілді. Мұндай алдын алу шаралары — жай ғана ақпараттық кездесу емес, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін нығайтатын маңызды қадам.

Интернет алаяқтық кездесу.jpg

Тағы да оқыңыз: