Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің криминалды полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі Таубай Еділ №257 орта мектебінің мұғалімдеріне интернет алаяқтығының алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мұндай шаралардың мақсаты - халық арасында алаяқтардың іс-әрекетін әшкерелеп, алаяқтық қылмыстарын болдырмау мен алдын алу. Бұл деген тәртіп сақшылары интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізе отырып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға көптеп көмек беріп жатқандығының бір дәлелі.
Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп отыр. Қылмыскерлердің көп таралған әдістері: әлеуметтік желілерге жалған хабарландырулар орналастыру; интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету; инвестицияға пайда көру мақсатында ақша салу; мессенджерлерге күмәнді сілтемелер жолдау арқылы.

Өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде азаматтарға қоңырау шалып, жеке деректерді иемденіп, бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу және алаяқтықтың жаңа түрлері туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы халыққа хабардар етілгенімен тұрғындардың алаяқтардың құрығына түсіп жатқан жағдайлар жиі кездесуде.
Сондықтан полиция қызметкерлері интернет кеңістігіндегі алаяқтық әрекеттерге қарсы күресті күшейтті.
