Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторлары тұрғындарды интернет алаяқтықтан қорғау және «Заң мен тәртіп» қағидатын одан әрі ілгерілету мақсатында қала бойынша тұрғындарға профилактикалық шараларды жүргізуде.
Құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындарға, халық көп шоғырланған орындарға келген азаматтарға сақтандыру шараларын түсіндірді, ал дүкендер, сауда орындары, көп қабатты үйлер, аялдамалар және банк ғимараттарына ақпараттық жабыстырмалар орналастырылды.
Бұл шаралар интернет алаяқтық әрекеттерінің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
