Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысында аса ірі көлемде «синтетика» саудаламақ болған күдікті құрықталды.

Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады.

Сараптама қорытындысы көрсеткендей тінту кезінде тәркіленген ұнтақ салмағы 261 гр. болатын α-PVP психотроптық заты екені анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, тергеу жалғасуда.

Фото: Полиция департаменті

Тағы да оқыңыз: