Kyzylorda-news.kz ҚР ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті адамдардың сеніміне кіріп, қасақана ниетпен бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен ақша, азғыру арқылы басқа адамды мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не лауазымды адамға делдал арқылы айтарлықтай мөлшерде пара беруге айдап салып, меншікке және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық сипатындағы ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған алаяқтардың жолын кесті.
Қызылордалық «А» және оның жұбайы «Г» есімді азаматтар 2023 жылдың шілде айында Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша жауаптылықтан босатып беремін деген желеумен жәбірленуші «М» есімді азаматшадан алдап 8 000 000 теңге ақша алған.
Бүгінде іс бойынша сот процессі аяқталды. Сотталушы «А» Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен, ҚК-нің 28-бабы 4-бөлігі арқылы 367-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оған ҚК-нің 28-бабы 4-бөлігі арқылы 367-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына айыра отырып, 7 (жеті) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейтін болады.
Ал сотталушы «Г» Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен, ҚК-нің 28-бабы 4-бөлігі арқылы 367-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оған: ҚК-нің 28-бабы 4-бөлігі арқылы 367-бабы 3-бөлігі 1)-тармағымен мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына айыра отырып,7(жеті) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейтін болады.
Қызылорда облысы бойынша
экономикалық тергеп-тексеру
департаменті
Фото: egemen.kz